Бүгінде «Global Trade and Services» ЖШС — қазақстандық және шетелдік компаниялардың сенімді серіктесі.
Мақсаты
Стратегиялық мақсаты – «Global Trade and Services» ЖШС-ның өндірістегі қауіпсіздік техникасы саласындағы жаңа технологияларды игеру арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі саласындағы Қазақстанның сервистік компаниялары арасында көшбасшы ретінде қалыптасуы.
Компания туралы
- Компания 2011 жылы құрылды.
- 7 жылдан аса уақыт бойы ҚМГКК мұнай-газ компаниялары үшін жабдықтар мен тауарлар жеткізіп келеді.
- Бас кеңсесі Ақсай қаласында орналасқан.
Қызмет бағыттары
- Дизель-генераторлық қондырғыларды, жарықтандыру діңгектерін, компрессорларды жалға беру.
- Көлікті жалға беру
- Өнеркәсіптік құрастыру жұмыстары (жабдықты өзі реттейтін кабельмен жылыту жүйесі)
- Технологиялық жабдықтар мен материалдарды жеткізу